Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

687 млн теңге шығын: Қызылорда облысында жалған шот-фактура жазумен айналысқандар ұсталды

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті екі жыл бойы жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолын кесті деп хабарлайды ведомствоның ресми сайты.

Ведомствоның мәліметінше, қаржылық барлау "НаурызСтройПроект" ЖШС-нің басшысы мен 5 жауапты тұлғасы жүйелі негізде бірқатар кәсіпорындарға шарттың жалпы сомасының 6 пайызы мөлшерінде сыйақы үшін жалған бухгалтерлік құжаттар жазып бергені анықтады.

"Бұдан әрі тергеу "НаурызСтройПроект" ЖШС-нің қызметкерлер штаты, мүлкі және өндірістік-техникалық базасы жоқ екенін, ал құжаттарда көрсетілген жұмыстар (қызметтер) іс жүзінде орындалмағанын анықтады. Нәтижесінде мемлекетке 687 миллион теңге көлемінде залал келтірілді", - делінген хабарламада.

Келтірілген зиянның бір бөлігі, атап айтқанда 105 млн теңе мемлекет кірісіне өндіріліп алынды.

Қылмыстық топтың үш мүшесі 2 жылға бас бостандығынан, тағы үшеуі 2 жылға шартты түрде сотталған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодар облысында төрт жылдан астам уақыт бойы "өзара есеп айырысу" бойынша жалған есеп құжаттарын берумен айналысқан қылмыстық топтың әрекеті әшкере болған еді.

Заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке 500 миллион теңгеден астам шығын келген.

Айыпталушылар жалған шот-фактура жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930277-687-mln-tenge-sygyn-qyzylorda-oblysynda-zalgan-sot-faktura-zazumen-ainalysqandar-ustaldy/

pixel