Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Қарулы күштерінде жоспардан тыс тексеріс басталды

Опубликовано:

Әскерилер
Фото: gov.kz

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында, сондай-ақ қорғаныс министрлігінің алқасында белгіленген тапсырмаларын іске асыру аясында бірқатар өңірлік басшылықтардың әскери бөлімдері, десанттық-шабуылдау әскерлері, әскери-теңіз күштері, әскери-әуе күштері жауынгерлік әзірлікті тексеру мақсатында дабыл бойынша көтерілді деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің ресми сайты.

Әскерлерді елдің өзге аймақтарына жіберуге бұйрық берілді.

Әскери қызметшілер әскери техникамен бірге теміржол эшелондарымен, әскери-көлік авиациясымен алыс жерлерге жіберіледі. Бұдан басқа, оқу-жаттығу мақсатында жеке құрамды тасымалдауға азаматтық авиакомпаниялардың ұшақтарын тарту жоспарланған.

Әскерилер
Фото: gov.kz

Әскерилер
Фото: gov.kz

Кейбір запастағы әскери міндеттілерді шақыруды жүзеге асыру үшін жергілікті әскери басқару органдарына нұсқау берілді. Бірнеше азаматқа әскерге шақыру қағаздары табыс етілді. Оның негізінде әскери бөлімдерді жасақтау үшін олар жинау пункттеріне келуі тиіс болды. Осылайша әскери-оқытылған резервті жұмылдыру мүмкіндіктері тексеріледі.

Әскерилер
Фото: gov.kz

Белгіленген аудандарға келгеннен кейін әскерлер жауынгерлік оқу-жаттығу тапсырмаларын орындайды. Аталған тапсырмалардың мазмұны оларға қосымша жеткізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930323-qazaqstan-qaruly-kusterinde-zospardan-tys-tekseris-bastaldy/

pixel