Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Жандарбек Бекшин қыркүйек пен қазан айларына болжам жасады

Опубликовано:

індет
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте қыркүйек пен қазан айларындағы коронавирустың таралу болжамын жария етті. Оның айтуынша, күзде оңтүстік астанада вирусты жұқтыру көрсеткіші тәулігіне 500-600 жағдайға дейін төмендеуі тиіс деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавируске қатысты екі апта сайын болжам жасалатынын айтты.

"Соңғы болжам 22 тамызда жасалды және ол кеше жаңартылды. Біз қыркүйектің басында тәулігіне 1300 жағдай тіркелетінін болжаған едік. Бүгін Алматыда 1058 адамнан қауіпті дерт анықталса, кеше - 1287 жағдай тіркелді.

Болжамда халықты вакцинациялау, шектеу шараларындағы өзгеріс және жаңа оқу жылының басталуы ескерілген.

Осы орайда, біз қыркүйекте инфекцияның 500-600 жағдайға дейін төмендеуін күтіп отырмыз. Қазан айында, егер жаңа мутациялық штамм болмаса, біз 100-200 жағдайға дейін төмендейді деп болжаймыз",-деді Жандарбек Бекшин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930327-koronavirus-zandarbek-beksin-qyrkuiek-pen-qazan-ailaryna-bolzam-zasady/