Шетелдіктер Ashyq нысандарына бара ала ма
Опубликовано:

Шетел азаматтарына Алматыдағы Ashyq нысандарына баруға бола ма? Бұл сұраққа Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин ӨКҚ брифингінде жауап берді. Оның айтуынша, шектеулер Қазақстан азаматтарына да, шетелдіктерге де қатысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин түсіндіргені бойынша, егер шетелдік азамат Қазақстанда тұрақты тұрса немесе мұнда еңбек мигранты ретінде келсе, онда ол уақытша ЖСН алады.
Бұл ПТР сынағына байланысты оған Ashyq қосымшасында мәртебе берілетінін білдіреді.
"Шетелдік азаматтар үшін де Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты ережелер қолданылады. Соңғы қаулыға сәйкес, бұл: жұмыс күндері "көк" және "жасыл" мәртебелі және демалыс күндері "жасыл" мәртебесі бар азаматтардың Ashyq объектілеріне бару мүмкіндігі бар.
ЖСН-і жоқ болғандықтан Ashyq-та мәртебесі жоқ шетелдік азаматтарға келетін болсақ, олардың жобаға қатысатын нысандарға бару мүмкіндігі жоқ", – деп түсіндірді Бекшин.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930344-seteldikter-ashyq-nysandaryna-bara-ala-ma/