Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аяғы ауыр әйелі мен 4 баласы күтіп отыр": Табылмай жатқан өрт сөндірушінің анасы жанұшыра көмек сұрады

Опубликовано:

Фатима Ағыбетова
Видеодан кадр: Instagram/aibat_kz

Жамбыл облысындағы жарылыстан соң жоғалған бір азамат әлі табылмай жатыр. Бауыржан Дәуітбаев әскери бөлімшенің өрт сөндіру жасағына жетекшілік етіп, алдыңғы шепте болған. Бүгін оның анасы Фатима Ағыбетова видеоүндеу арқылы елден көмек сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Aibat жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

«Сол күні үйде отырған жерінен шақыртылып, жұмысқа кетіп содан бері әлі іздеуде. Халқым іздеп жатыр, ел іздеп жатыр. Әлі күнге шейін жоқ. Үйде аяғы ауыр келіншегі мен 4 баласы күтіп отыр, әке-шешесі мен бауырлары бәрі күтіп отыр. Әлі хабар жоқ. Не әскери бөлімшенің ішінде, не сырттан шықпады. Сіздерден көмек сұраймыз, қазақ елі », - дейді зар жылаған ана Фатима Ағыбетова.

Із-түссіз жоғалған әскери бөлімшенің 34 жастағы жауынгері Бауыржан Дәуітбаевты іздеуге жүз адам жұмылған. Атқамінерлердің сөзінше, жауынгер контузия алып, есін білмеуі мүмкін. Бауыржан Дәуітбаев әскери бөлімшенің өрт сөндіру жасағына жетекшілік етіп, алдыңғы шепте болған. Ешқайда бұрылмастан тау жоталап жоғары кете барған әскери шопанның шақырғанына елең етпеген.

"Мәлімет түскен болатын, бір кісі сыртта әскери форма киіп, құлағын жауып тауға қарай жүрген. Соған байланысты іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - дейді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Мамаев.

Жамбыл облысындағы әскери қоймадағы жарылыс кезінде бір жауынгер бой тасалап тауға кетіп қалған болуы мүмкін деген ақпарат тарады. Тауды бетке алып бара жатқан әскери формадағы адамды жақын маңда қой бағып жүрген шопан көріпті. Ақпаратты Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Мамаев Aibat жаңалықтар қызметінің тілшісіне берген сұхбатында растаған. 

Еске салайық, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Салдарынан белгісіз заттар жарылған. 100-ге жуық адам жараланып, 15 адам қайтыс болды. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1930353-ayagy-auyr-kelinsegi-men-4-balasy-kutip-otyr-tabylmai-zatqan-ort-sondirusinin-anasy-zanusyra-komek-surady/

pixel