RU

"Қаскөй бүлдіршінді үйіне кіріп зорлаған": Шулы оқиға ақтөбеліктерді дүрсілкіндірді

Зорлау
Көрнекі фото: ktk.kz

Ақтөбе қаласында қаскөй бүлдіршінді үйіне барып зорлап тастады деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жантүршігерлік жағдай бүгін Ақтөбе қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде болды.

Үйде үлкендердің жоқтығына көзі жеткен қылмыскер есікті қағып, үйге еркін кіріп кеткен.

Соңында кәмелеттік жасқа толмаған қыз балаға айуандық жасап, қашып кеткені белгілі болды.

Тәртіп сақшылары жедел шара нәтижесінде қылмыскерді ізін суытпай анықтағанын хабарлады.

Облыстық полиция департаменті қазіргі уақытта оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын жеткізді.

"3 қыркүйек күні Ақтөбе қаласының полициясына Ағайынды Жұбановтар көшесіндегі пәтерлердің бірінде кәмелетке толмаған қыздың зардап шеккендігі туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына жеткен полиция жасақтары белгісіз адамның пәтерді қаққандығын, үйде жалғыз қалған қыздың есікті ашқанын анықтады. Пәтерге кіріп, зорлық-зомбылық көрсетіп, кәмелетке толмаған қыздың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасап, қашып кеткен",- делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Қазіргі упқытта күдіктіден жауап алынуда.

Ішкі істер органдары балаларды бақылауды қамтамасыз ету, қауіпсіздік ережелерін оқыту, оның ішінде бейтаныс адамдармен бірге үйде жалғыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930366-qaskoi-buldirsindi-uiine-kirip-zorlagan-suly-oqiga-aqtobelikterdi-dursilkindirdi/