Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қай елдің студенттеріне Қазақстан аумағына кіруге рұқсат етілді

Опубликовано:

Құжат
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанның бас санитар дәрігері тағы бір қаулыға қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Құжатта шетел студенттерінің Қазақстан Республикасының аумағына кіруіне рұқсат беру мәселесі қозғалған.

Қаулыға сәйкес, мына жағдайда шетел студенттеріне Қазақстан аумағына кіруге рұқсат етіледі:

  • Венгрия, Таиланд, Моңғолия, Грузия, Қырғызстан мен Молдованың уәкілетті органы берген COVID-19-ға қарсы вакцинациясы құжатымен / сертификатпен /анықтамамен;
  • ПТР арқылы COVID-19 талдауының теріс нәтижесі (оны алған сәттен бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде 3 күнге жарамды).

Құжаттың толық мәтінімен сілтемеге өтіп танысуға болады.

Сонымен қатар, Қиясов ағымдағы жылдың 11 маусымындағы қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

"Осы қаулымен бірге берілген, 3-қосымша бойынша, құжаттардың үлгілеріне сәйкес Венгрия, Таиланд, Моңғолия, Грузия, Қырғызстан, Молдова Республикасы және Түркия Республикасы азаматтарының паспорттары/ сертификаттары/ анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын" делінген қаулы мәтітінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930369-qai-eldin-studentterine-qazaqstan-aumagyna-kiruge-ruqsat-etildi/

pixel