RU

Елордада БТР мен жеңіл көлік соқтығысып қалды (видео)

жол апаты
Видеодан кадр: instagram.com/astana_sergek

Нұр-Сұлтан-Қарағанды тас жолында жеңіл автокөлікпен соқтығысқан бронды тасымалдаушы техника соқтығысып қалды. Оқиғаға қатысты Полиция департаменті мен Қорғаныс министрілі пікір білдірді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 1 қыркүйекте болған.

Сағат 07.35-те "Nissan Almera" маркалы автокөлігін тізгіндеген 46 жастағы жүргізуші "Нұр-Сұлтан-Қарағанды" тасжолымен Армандастар көшесінің қиылысында солға бұрылған кезде дабыл шамдары іске қосылған және арнайы дыбыс сигналы бар патрульдік автокөлікке ілесіп келе жатқан "БТР 82-А" көлігіне жол бермей, салдарынан екеуі соқтығысқан.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. "Nissan Almera" автокөлігінің жүргізушісіне қатысты Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал Нұр-Сұлтан қаласындағы мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды. Полиция департаменті дабыл шамдары іске қосылған және арнайы дыбыстық сигналы бар көлік құралдары жақындаған кезде өзге көліктер жол беру керектігін ескертеді", - деп жазады департаменттің баспасөз қызметі.

Әзірге апатқа түскен бронды тасымалдаушы техниканың қай ведомствоға тиесілі екені белгісіз. Қорғаныс министрлігі оның Қарулы Күштердің базасында тіркелмегенін мәлім етті.

"Нұр-Сұлтан қаласында "Nissan Almera" автокөлігі мен БТР-дың соқтығысуына қатысты БАҚ-қа және әлеуметтік желіге таралған ақпаратқа байланысты Қорғаныс министрлігі жол-көлік оқиғасына түскен бронды транспортердің Қарулы Күштерге тиесілі еместігін хабарлайды", - делінген министрлтіктің мәліметінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930374-elordada-btr-men-zenil-kolik-soqtygysyp-qaldy-video/