Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Опубликовано:

Найзағай
Көрнекі фото: pexels.com

Еліміздің синоптиктері 4 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынып, бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады деп хабарлайды Қазгидромет.

4 қыркүйекте Ақтөбе облысында түнде басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Ақмола облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

4-6 қыркүйекте Жамбыл облысының солтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде 4 қыркүйекте Атырау облысының солтүстігінде және орталығында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түнде 04 қыркүйекте Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 17-22, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, орталығында, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с.

Қостанай облысының батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с. Оңтүстікте төтенше өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930383-elimizdin-birnese-onirinde-aua-raiyna-bailanysty-dauyldy-eskertu-zariyalandy/

pixel