Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ер адам подъезде өткізіп жібермегені үшін он жасар баланы ұрып жіберді (видео)

Опубликовано:

БАла
Видеодан кадр: instagram.com/rustam.abdrakhmanov_

Алматыда 55 жастағы ер адам тұрғын үйдің подъезінде өткізіп жібермегені үшін кішкентай баланы ұрып жіберген. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеоны Алматы қаласы полиция департаменті басшысының орынбасары Рүстем Әбдірахманов өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Полицейдің хабарлауынша, оған әлеуметтік желіде алматылық азамат жүгініп, оқиғаның видеосын жіберген. Кадрларда ер адамның баланың басынан ұрғаны, тіпті оның жерге құлап қалғаны көрінеді.

Полиция тексеру жүргізіп, видеодағы ер адамның жеке басын анықтады. Ол 55 жастағы қала тұрғыны болып шыққан.

Анықталғандай, баланың анасы да полицияға арыз жазған. Әйелдің хабарлауынша, 1 қыркүйекте жоғарыда аталған ер адам подъездің есігінде 10 жастағы ұлын ұрып, балаға дене жарақатын салған.

"Оқиғаның мән-жайын анықтау Әуезов ауданы полиция басқармасы ЖПҚБ қызметкерлеріне тапсырылды. Құқықбұзушы жазаға тартылатын болады", - дейді Әбдірахманов.

Кейінірек, ер адам камера алдында іс-әрекеті үшін кешірім сұраған. Алайда полицияның айтуынша, бұл оны жауапкершіліктен босатпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930384-almatyda-er-adam-podezde-otkizip-zibermegen-on-zasar-balany-uryp-ziberdi-video/

pixel