Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда қаруы мен оқ-дәрісі бар ер адам ұсталды

Опубликовано:

Қару-жарақ
Фото: Нұр-Сұлтан қаласы ПД

Нұр-Сұлтанда полиция көлігінен қару мен оқ-дәрі табылған ер адамды ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы астаналық ПД-ға сілтеме жасап.

Кеше кешкі уақытта елордадағы Баршын көшесінде полицейлер 32 жастағы ер адам басқарған күдік туғызған Toyota көлігін тоқтатты.

Тәртіп сақшылары айтқандай, жүргізушінің автокөлікке құқық белгілеуші құжаттары болмаған.

Оған қоса, бұрын ол бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

"Автокөлікті тексеру кезінде полицейлер үш ас пышағы мен бір аңшы пышағын, 32 мм калибрлі тегіс ұңғылы қаруды, сондай-ақ сол қарудың патрондарын тәркіледі.

Бұл факті бойынша қылмыстық кодекстің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады полиция департаментінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930410-nur-sultanda-qaruy-men-oq-darisi-bar-er-adam-ustaldy/

pixel