Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Венгриямен тұрақты әуе рейстерін ашады

Опубликовано:

Ұшақ
Көрнекі фото: piqsels.com

Жақында Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысына Қазақстан мен Венгрия арасындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесі қаралды деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми сайты.

Осылайша, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның Венгриядағы Елшілігінің бірлескен жұмысының арқасында 2021 жылғы 9 қыркүйектен бастап Венгрияның "Wizz Air" әуе тасымалдаушысы Будапешт пен Нұр-Сұлтан қалалары арасында А320 ұшақтарымен  аптасына 1 рет тұрақты рейстерді қайта бастауды жоспарлап отыр.

Венгрияға жасалатын рейстер санын ұлғайту мәселесі эпидемиологиялық жағдайға және ведомствоаралық комиссияның тиісті шешімдеріне байланысты қабылданады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930418-qazaqstan-vengriyamen-turaqty-aue-reisterin-asady/

pixel