Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұшақ бортында темекі шеккені үшін Түркия азаматы мен 18 жастағы қазақстандық жазаға тартылды

Опубликовано:

Ұшақ борты
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөліміне "Fly Arystan" әуе компаниясының өкілінен "Стамбұл-Түркістан" бағытындағы әуе рейсінің жолаушылары арасында құқық бұзушы бар екендігі туралы хабарлама келіп түсті деп хабарлайды көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұшып келген ұшақ қонған бойда актімен жолаушы полицейлерге тапсырылды.

"Тексеру барысында көлік полицейлері ұшақ бортында темекі шеккен Түркия Республикасының 32 жастағы азаматын анықтады.

Оған қатысты әкімшілік кодекстің 441-бабының 1-2-бөлігі, яғни әуе кемесінің бортында темекі бұйымдарын тұтыну бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды", – делінген ресми хабарламада.

Осы жылдың 3 қыркүйегінде "Ақтау-Алматы" бағытындағы әуе кемесінің бортында осындай жағдай орын алды.

Бұл жолы Маңғыстау облысының 18 жастағы тұрғыны әкімшілік кодекстің 441-бабының 1-2-бөлігі бойынша әуе кемесінің бортында темекі бұйымдарын тұтынғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды және құқық бұзушыға 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Көліктегі полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, жыл басынан бері көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 26 201 азаматты, оның ішінде темекі шегуге тыйым салуды бұзғаны үшін 583 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930425-usaq-bortynda-temeki-sekkeni-usin-turkiya-azamaty-men-18-zastagy-qazaqstandyq-zazaga-tartyldy/

pixel