Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауғанстаннан Қазақстан азаматтары қалай шығарылды

Опубликовано:

Ауған босқындары
Фото: Paula Bronstein / Getty Images

Саясаттанушы, Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі Ерлан Қарин Ауғанстаннан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау операциясының қалай жүргізілгенін баяндады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазақстанның қарулы күштері Кабулдағы толық хаос жағдайында қысқа уақытта күрделі операция жүргізе алды. Алдымен өздерінде алаңдаушылық пен проблема толып жатқан америкалықтармен келіссөз жүргізу керек болды, содан кейін азаматтарымызды Кабулға жинап, әуежайға қауіпсіз түрде апарып, содан кейін блокбекеттер арқылы әуежай аумағына кіру үшін сондағылардың бәрімен келіссөздер жүргізілді", – деп жазды Ерлан Қарин өзінің Telegram-парақшасында.

Саясаттанушының айтуынша, 15 тамыз күні жексенбіде Президент Қазақстан азаматтары бен дипломаттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырма берді, ал 18 тамызда олар Қазақстанға жеткізілді.

"Операция 3 күн ішінде жоспарланды, ұйымдастырылды және өткізілді. Біздің әскерилер мен дипломаттарымыз пандемия кезінде, 2020 жылдың көктемінде азаматтарымызды түрлі елдерден шұғыл әкетуге мәжбүр болғанда және "Жусан" операциясы кезінде осындай гуманитарлық операцияларды жүргізіп, жақсы тәжірибе жинақтады. Сондай-ақ біздің әскерилер өз азаматтарымызбен бірге қырғыз дипломаттарын да эвакуациялады", – деді Ерлан Қарин.

Еске сала кетейік, бұған дейін президенттің көмекшісі Ерлан Қарин сарапшы ретінде Ауғанстандағы тұрақсыздықтың Қазақстанға әсері туралы пікір білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930429-auganstannan-qazaqstan-azamattary-qalai-sygaryldy/

pixel