Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қордай ауданында екі мектеп ашылып, бірнеше баспана берілді

Опубликовано:

Мектеп
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Биылғы білім маусымы қарсаңында Қордай ауданы Масаншы ауылында 1200 бала білім алатын жаңа мектеп ашылса, "Күнбатыс-2" ауылында да 150 орындық негізгі мектеп пайдалануға берілді.

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев аталған елдімекендерде болып, жаңа білім ордаларының ашылуына қатысты.

Бердібек Сапарбаев
Бердібек Сапарбаев. Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Облыс әкімі Масаншыдағы жаңа мектептің спорт, мәжіліс залдарын, кітапханасы мен асханасын, сынып бөлмелерін аралады. Мектеп құрылысына 1 миллиард 200 миллион теңге қаражат бөлінген. Бұл мектепке алдағы уақытта әл-Фарабидің есімін беру жоспарланып отыр. Тиісті орындарға ұсыныстар жасалған.

"Күнбатыс-2" ауылындағы 150 орындық жаңа мектепте 147 оқушы білім алады. Оларға 20 мұғалім дәріс оқиды. Мектептің салынуына 529 миллион теңге қаржы жұмсалған.

Мектеп
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен былтыр Қордай ауданына ел бюджетінен 36 миллиард теңге бөлінді. Нәтжесінде былтыр 4, биыл тағы 4 спорт кешені, биыл 4 мектеп және тұрғын үйлер де салынынып жатыр.

Әрбір дамыған мемлекеттер ең алдымен білім саласына көңіл бөледі. Оқушылар мен мұғалімдерге жасалған жағдай – болашаққа жасалған қадам. Қазіргі таңда облыс аумағында 21 білім нысанының құрылысы жүріп жатыр. Жаңа оқу жылы қарсаңында 7 мектеп пайдалануға берілді", – деді облыс әкімі өз сөзінде.

Сондай-ақ, облыс әкімі мектепті жиһаздармен жабдықтауға атсалысқан түлектерге алғысын білдірді.

Масаншы, Күнбатыс, Сортөбе ауылдарының тұрғындары оң өзгерісті ерекше қабылдап, өз ризашылықтарын жеткізді.

Тұрғындар
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

"Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай елімізде көптеген игі істер атқарылуда. Оның шапағатын біздің Масаншы ауылы да сезініп отыр. Ауылға тегіс газ кірді, таза ауыз су бар, жол жөнделді. Енді міне заманауи үлгідегі жаңа мектеп ашылды. Бұл тұрғындарға деген үлкен жанашырлық. Сол үшін Ел Президентіне, облыс әкіміне алғыс білдіремін. Қазір Қордайда тұрғындардың бәрі тату-тәтті, ынтымақ-бірлікте өмір сүруде", – деді Масаншы ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Дыдыр Двумаров.

Оған қоса, мектептің қазақ тілі мен әдебиті пәнінің мұғалімі, әрі ата-ана Шехуар Мумарова өз ризашылығын білдірді.

"Жаңа оқу жылын жаңадан салынған кереметтей зәулім мектепте бастағанымызға өте қуаныштымыз. Былтыр ел Президенті Қордайға келгенде біз ол кісіге жаңа білім ошағын салу жөнінде өтініш айтқан едік. Мемлекет басшысының қолдауын көп ұзамай сезініп отырмыз. Бұрынғы мектеп ескі, сынып кабинеттері аз болатын, спорт залы жоқ еді. Енді міне жаңа мектепте үлкен спорт зал, робототехника кабинеттері бар", – деді қазақ тілі мен әдебиті пәнінің мұғалімі, әрі ата-ана Шехуар Мумарова.

Жаңа үйлер
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Сонымен қатар, Қордай сапарында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Сортөбе ауылында құрылысы аяқталған тұрғын үйлердің кілтін табыстады. Мұнда екі пәтерлі 20 тұрғын үй салу жоспарланған әзірге 10 үйдің құрылысы толық аяқталған. Қалған 10 үйдің жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.

Айта кеткен жөн, "Асар" жобасы аясында көпбалалы анаға жаңа пәтердің кілті табысталды.

Одан соң облыс әкімі Бердібек Сапарбаев тамшылатып суаруға арналған түтікше шығаратын "Қордай агротех" компаниясында болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930436-qordai-audanynda-eki-mektep-asylyp-birnese-baspana-berildi/

pixel