RU

Синоптиктер 5 қыркүйекке ауа райы болжамын ұсынды

жаз44
Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер 5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

5 қыркүйек республиканың батыс, солтүстік-батыс, солтүстік өңірлерінде жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды.

Еліміздің қалған аумағына антициклон жотасы әсер етеді, сондықтан басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстігінде шаңды дауыл, батысында бұршақ жауып, дауыл соғады.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батыстында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысында күндіз тауларда найзағай күтіледі, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде және батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының батысында найзағай күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Қостанай облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында 15-20 м/с жел күшейеді.

Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, солтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында, Алматы облысының орталығында және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-батысында, Павлодар облыстарының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930445-bugin-elde-aua-raiy-qandai-bolmaq-sinoptikter-bolzam-usyndy/