RU

Оралда кісі өлтірген күдікті іздестіріліп жатыр

Күдікті
Көрнекі фото: Sputnik / Евгений Биятов

Орал қаласында кісі өлтірген күдікті іздестіріліп жатыр деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 2 қыркүйек күні сағат 23.45 шамасында Тюленин көшесі бойында болған.

Белгісіз адам 1989 жылғы тұрғынға пышақ жарақатын салған. Соның салдарынан ер адам оқиға орнында жедел жәрдем келгенге дейін қаза тапты.

"Қазіргі кезде жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Басқа мәлімет тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді",- деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Марқұмның туысқандарының сөзіне қарағанда, оның соңында әйелі, төрт баласы қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930446-oralda-kisi-oltirgen-kudikti-izdestirilip-zatyr/