RU

Оралда екі автокөлік соқтығысып, жүргізуші қаза тапты

мәйіт
Көрнекі фото: van-horn.net

Оралда екі автокөлік соқтығысып, жүргізуші қаза тапты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 5 қыркүйек күні шамамен сағат 11.30-да Жәңгір хан көшесі бойында болды. "Ауди" автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, қарсы бетке шығып кеткен. Соның салдарынан "Ниссан" автокөлігімен бетпе-бет соқтығысты.

Жол апатынан "Ниссан" автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. «Ауди» автокөлігінің жүргізушісі жансақтау бөліміне жеткізілді. Жол апатынан "Ниссан" автокөлігінің жолаушысы да зардап шекті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, ер адамның бірі жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болса, қалған екеуі түрлі жарақат алды.

1988 жылғы ер адам жабық бас-ми жарақатына қоса миы шайқалып, мұрны мен білек сүйегі сынған. 1987 жылғы ер адам да жабық бас-ми жарақатына қоса миы шайқалып, оң жақ жіліншігі сынған. Автокөліктерде қыстырылып қалған жүргізушілерді БҚО ТЖ департаменті жедел құтқару жасағының құтқарушылары шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930487-oralda-eki-avtokolik-soqtygysyp-zurgizusi-qaza-tapty/