RU

Павлодарлық ер адам екі баласымен бірге Ертісте суға батып кете жаздады

Су
Көрнекі фото: pixabay.com

35 жастағы Павлодар тұрғыны балаларын құтқару кеудешелерінсіз резеңке қайықпен қыдыртып жүрген деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кенет қайық металл темірге соғылып, бата бастаған. Оқыс жағдай туралы хабарлама «112» пультіне 4 қыркүйек күні сағат 20:20-да келіп түскен.

"Акуленок айлағы ауданында кәмелетке толмаған екі баласы бар ер адам құтқару кеудешелерінсіз резеңке қайықпен металл темірге соғылған. Қайық бата бастаған. Оқиға орнына 2 қайық пен жеке құрамның 2 адамы жіберілді", - деді Павлодардың ТЖ жөніндегі азаматтық қорғаныс басқармасы тобының офицері, лейтенант Темірбай.

Құтқарушылар 1986 жылы туған ер адамды, 2012 жылы туған қыз баланы және 2011 жылы туған ұл баланы құтқарды. Оларды профилактикалық әңгіме жүргізу үшін Никитин көшесі 106 мекенжайында орналасқан құтқару бөлімшесіне жеткізді.

ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарын өз өміріне қауіп төндірмес үшін судағы қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930488-pavlodarlyq-er-adam-eki-balasymen-birge-ertiste-suga-batyp-kete-zazdady/