Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында мейрамхана өртке оранды

Опубликовано:

Мейрамхана
Кадр: Instagram / dorogi_almaty_official

Алматы облысында мейрамхана өртке оранды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мейрамхананың өртеніп жатқан сәтінен видео әлеуметтік желіде тарады. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Алматы облысы Қарасай ауданы Қырғауыл кентіндегі мейрамхана өртеніп жатқаны туралы хабарлама 5 қыркүйек күні сағат 17:26-да келіп түскен.

"Мейрамханадан шыққан өрт сағат 18:13-те сөндірілді. Ғимараттың 500 шаршы метр аумағын жалын шарпыған. Оқиғадан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", - делінген хабарламада. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде 5, 6 және 7 жасар балалар аулада тұрған көлік ішінде ойнап, от тұтатқаны туралы жазған едік. "ГАЗель" толық жанып кетті.

Одан бөлек, Арыс станциясында сары фосфор тиелген вагондар өртенгені туралы жазған болатынбыз. Осыған байланысты қалада ауа сынамасына жоспардан тыс іріктеу мен талдау жүргізілді.

Өрт туралы ақпараттан кейін шағын аудан тұрғындары эвакуацияланды.

Сондай-ақ, Тараз қаласында полиция бөлімінен шыққан өрт шұғыл сөндірілгенін жазғанбыз. Оқыс жағдай Тараз қаласы Абай көшесі, 280 мекенжайында орналасқан қалалық №2 полиция бөлімінде болғаны хабарланды. Өрттің ауданы 30 шаршы метрді құрады. Өрттен зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1930515-almaty-oblysynda-meiramxana-ortendi-video/

pixel