Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елорда көшелерінің бірінде автобус жолағы уақытша алынып тасталды

Опубликовано:

Автобус
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Нұр-Сұлтан қаласында 6 қыркүйектен бастап Тұран даңғылындағы Bus Lane автобус жолағы уақытша алынады деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Автобус жолағы тек Сығанақ көшесінен Керей Жәнібек хандар көшесіне дейінгі әуежай бағытындағы учаскеде алынып тасталады.

"Bus Lane жолағын уақытша алып тастау туралы шешімді Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі көшелердің өткізу қабілетін жақсарту үшін, сондай-ақ оқу кезеңінің басталуына және кейіннен елорда көшелеріндегі автомобиль трафигінің ұлғаюына байланысты қабылдады.

Осы учаскедегі Bus Lane жұмысы бірқатар ірі инфрақұрылымдық шешімдер енгізілгеннен кейін қалпына келтіріледі, олардың бірі Ш.Айтматов баламалы көшесінің құрылысын аяқтау болып саналады", - делінген әкімдік хабарламасында.

Ал, Тұран даңғылындағы Керей Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіне дейін "Хан Шатыр" СОО бағытында автобус жолағы өзгеріссіз қалатын болды.

"Елорда тұрғындары мен қонақтарын маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Сондай-ақ, қала көшелерінде тұрақты маршруттық автобустар қозғалысының басымдылығын есте ұстаған жөн, - деп ескертті әкімдік ресми сайтында.

Еске салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтанда орталық көшелердің бірінде микроавтобус отқа оранып, түгі қалмай жанып кеткені туралы жазған едік.

Одан бөлек, Нұр-Сұлтанда автобуста маскасыз отырған әйел бақылаушылардың ескертуіне құлақ аспай, шу шығарғандықтан полиция шақырылғаны туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930519-elorda-koselerinin-birinde-avtobus-zolagy-uaqytsa-alynyp-tastaldy/

pixel