Денсаулық сақтау министрлігі: Коронавирус жұқтырған 1 537 адамның жағдайы ауыр
Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына қатысты соңғы деректерді ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ведомствоның Телеграмм арнасына сілтеме жасап.
5 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 94 158 адам коронавирус инфекциясынан (–86 575 + және 7 583 КВИ-) емделіп жатыр.
Олардың ішінде 20 777 пациент стационарда, 73 381 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1 537 адамның жағдайы ауыр,
- 420 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 220 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Сонымен қатар, 5 қыркүйек күні елімізде тағы 3897 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Осылайша, бүгінгі таңға дейін Қазақстанда қауіпті дертпен ауырғандар саны 816 896-ға жетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930529-densaulyq-saqtau-ministrligi-koronavirus-zuqtyrgan-1-537-adamnyn-zagdaiy-auyr/