Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көзі мен құлағына зақым келді: Теміртауда үстіне қоршау құлаған баланың жағдайы қалай

Опубликовано:

Аурухана
Көрнекі фото: pixabay.com

Теміртауда үстіне темір қоршау құлаған 13 жастағы жасөспірімнің жағдайына қатысты жаңа дерек пайда болды. Жеткіншек қалпына келіп жатқанымен, оның денсаулығына үлкен нұқсан келген деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Жасөспірімнің бір құлағы шала естиді және бір жақ көзінің көру қабілеті төмендеді. Бетінің сол жақ жүйке талшықтарына да зақым келген", - деп жазды Patriot телеграм-каналы.

Дәрігерлер оны денсаулығын үнемі бақылап отыр.

Сонымен қатар тергеу амалдары әлі жалғасып жатыр. Тергеуші сот-медициналық сараптама тағайындады.

Бұған дейін аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 277 бабы "Құрылыс немесе тау-кен жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша іс қозғалғаны хабарланған.

Естеріңізге сала кетейік, 1 шілде күні Теміртауда 13 жастағы жасөспірім балабақшаның темір қоршауының астында қалып, өлім мен өмір арасында жатты.

Ол інісін жаттығуға шығарып салып, сол маңайдан өтіп бара жатқан. Қатты жел соққанда қоршау оның үстіне құлаған.

Анасының айтуынша, қоршау бекітілмеген болған. Ол бас жарақатымен Мақажанов клиникасының жансақтау бөліміне түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930589-kozi-men-qulagyna-zaqym-keldi-temirtauda-ustine-qorsau-qulagan-balanyn-zagdaiy-qalai/