RU

"Терезе арқылы кірген": Қарағандыда кафе кассасынан 2 млн теңге ұрланды

қаржы11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қарағандыда кафе кассасынан екі миллион теңгеге жуық ақша ұрлаған ер адам ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Белгілі болғандай 30 тамызда Қарағанды қалалық полиция басқармасының орталық полиция бөліміне таңғы сағат 07:00-де ірі көлемде ұрлық болғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жедел жеткен жедел-тергеу тобы белгісіз біреудің кассадағы 1 миллион 700 мың теңгені ұрлап кеткенін анықтаған.

Куәгерлердің айтуынша, олар жұмысқа таңертең ерте келген. Бөлмені желдету үшін ортақ бөлменің терезесін ашып, өз істерімен айналыса бастаған.

Осы сәтті пайдаланған белгісіз біреу ашық тұрған терезе арқылы кіріп, кассадағы ақшаны жымқырып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде криминалдық полиция қызметкерлері күдікті ретінде 31 жастағы ер адамды ұстаған. Ол өз кінәсін мойындаған.

Қазір аталмыш факті бойынша қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930591-asyq-tereze-arqyly-kirgen-qaragandyda-belgisiz-bireu-kafe-kassasynan-2-mln-tengege-zuyq-aqsany-urlap-ketken/