Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық азаматтың өз балаларын кепілге алғаны рас па

Опубликовано:

Бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде Алматы тұрғынының өз балаларын кепілге алғаны туралы ақпарат тарады. Қалалық полиция департаменті бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Полицияның дерегінше, жергілікті тұрғын 102 нөміріне хабарласып, 1984 жылы туған күйеуі отбасылық жанжалдың туындауына себеп болғанын айтқан. Ер азамат мас күйде болған.

"Салдарынан келіншек кішкентай баласымен далаға қашып шығып, полиция шақыруға мәжбүр болған. Ер адам полицияға жеткізілді, оның әрекетіне құқықтық баға беріліп, шаралар қолданылады.

Ал әйел күйеуімен ресми түрде ажырасудан бас тартты", - дейді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Есен Ысқақов.

Сонымен қатар, құзырлы орган аталған жанұя тұрмысы нашар отбасы ретінде есепте тұратынын атап өтті.

"Кепілге алынған балалар туралы дерек расталған жоқ”, - дейді Есен Ысқақов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930629-almatylyq-azamattyn-oz-balalaryn-kepilge-algany-ras-pa/

pixel