RU

Қостанайда белгісіз біреу әйелге пышақпен шабуыл жасап, мойнын жарақаттады

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қостанайда белгісіз біреу әйелге пышақпен шабуыл жасады. Мойнынан жарақат алған тұрғын ауруханаға жеткізілді. Полицейлер күдіктіні іздестіріп жатыр деп хабарлайды өңірлік полиция департаменті Instagram парақшасында.

Оқиға 6 қыркүйек күні "Достық" қонақүйі маңында болған.

Жұмыстан үйіне қайтып бара жатқан әйелге белгісіз азамат пышақпен шабуыл жасаған. Мойнынан жарақат алған әйел ауруханаға жеткізілген. Куәгерлер оқиға орнынан қашып кеткен күдіктіні сипаттап берді.

Олардың сөзінше, шабуыл жасаған 40 жас шамасындағы келбеті еуропалыққа келетін азамат. Ол қызыл түсті спорттық киім, басына кепка киген. Бойы шамамен 180 сантиметрді құрайды.

Аталған факті бойынша "Кісі өлтіруге оқталу" бабына сәйкес, соталды өндіріс басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930702-qostanaida-belgisiz-bireu-aielge-pysaqpen-sabuyl-zasap-moinyn-zaraqattady/