Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актер Жан-Поль Бельмондо 88 жасында қайтыс болды

Опубликовано:

Жан-Поль
Фото: Daniel SIMON/Gamma-Rapho via Getty Images

Француз актері Жан-Поль Бельмондо 88 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды France 24 арнасы.

Телеарна мәліметінше, танымал актердің қайтыс болғаны туралы қаралы хабарды оның адвокаты жеткізген.

Жан-Поль Бельмондо дүйсенбі күні 88 жасында дүниеден өтті. Оның қазасына қатысты қандай да бір өзге ақпарат жария етілмеді.

Жан-Поль Бельмондо - 60-жылдары талай көрерменнің сүйіспеншілігіне бөленген танымал актер.

Ол 1959 жылы "На последнем дыхании" фильмінде Мишельдің рөлін сомдағаннан кейін ерекше танымалдыққа ие болады. Одан бөлек, актердің 1981 жылы "Профессионал" фильмінде тыңщының рөлін сомдауы көрермендердің ерекше жоғары бағалауына ие болған.

Жан-Поль Бельмондо 1933 жылы 9 сәуірде Францияда дүниеге келген.

Актерді танымал өткен фильмдер қатарында "Безумный Пьеро», «Горит ли Париж?», "Вор", "Борсалино", "Веселая пасха", "Баловень судьбы", "Великолепный", "Профессионал", "Ас из асов" фильмдері бар.

Жалпы өз мансабында Жан-Поль Бельмондо 80-нен астам фильмде түрлі рөлдерді сомдап үлгерген.

2001 жылы инсульт алған актер ұзақ үзілістен кейін 2008 жылы сахнаға қайтып оралады. Ал 2015 жылы ол мансабын аяқтайтынын көпшілік алдында мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1930711-akter-zan-pol-belmondo-88-zasynda-qaitys-boldy/

pixel