RU

Алматыда екі ер адам төбелесіп, бірі тапаншадан оқ атты

Төбелес
Кадр: Telegram / Kris.p.almaty

Алматыда көшелердің бірінде екі ер адам төбелесті, оның бірі газ тапаншасын қолданды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төбелестің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Алматы қалалық полиция департаманті бұл факті бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Белгілі болғандай төбелес екі таныс адамның арасында болған. Олардың бірі газ тапаншасын қолданды. Бақытымызға орай, ешкім зардап шеккен жоқ. Күдікті ұсталды. Ол - 1989 жылы туған Т. есімді азамат. Екінші адамның айтуынша, ол қылмыс құралын лақтырып жіберген, бұл факт анықталып жатыр. Тергеу жалғасады", - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Еске салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтанда полиция көлігінен қару мен оқ-дәрі табылған ер адамды ұстағаны туралы жазған едік.

Тәртіп сақшылары айтқандай, жүргізушінің көлікке құқық белгілеуші құжаттары болмаған. Оған қоса, бұрын ол бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Одан бөлек, Жамбыл облысында мас ер адам өз туысының үйінің қақпасына оқ жаудырғанын жазған болатынбыз. Ер адам қолға түскен. Полиция аталған факті бойынша тергеу бастады.

"Қылмыстық-атқару кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеудің басқа мәліметтері тергеу мүддесіне сәйкес жариялануға жатпайды", - деді құқық қорғаушылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930713-almatyda-eki-er-adam-tobelesip-biri-tapansadan-oq-atty/