RU

"Төрт әйелді асқан қатыгездікпен өлтірген": Ақмола облысында 28 жастағы жігіт өмір бойына сотталды

Пышақ
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бурабайда 4 әйелді өлтірген 28 жастағы жігіт өмір бойына бас бостандығынан айрылды деп хабарлайды КТК арнасы.

"Валентин Штырь Қылмыстық кодекстің 199-бабы, 1-бөлігінің 1, 3, 10, 13 тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", - деп үкім кесілді сотта.

Ол жазасын аса қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады.

Еске сала кетсек, қанды оқиға былтыр желтоқсан айында Бурабайдағы көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінде болған еді. Валентин Штырь шырт ұйқыда жатқан 70 жастағы кейуананы, оның 41 жастағы қызын, сондай-ақ олардың көршісі 43 және 47 жастағы екі әйелді пышақтап өлтіріп, өзі полицияға хабар берген.

Бұған дейін ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет істі болған азамат қылмыс жасаған күні мас күйде болған және айғақ зат ретінде қан жұққан пышағын тапсырған.

Телеарнаның мәліметінше, Валентин Штырь марқұмдардың бірімен өзара араз болған соң осындай қылмысқа барған.

Сотта ер адамның кәнісі дәлелденіп аса қатаң жаза кесілгенімен, ол кәнісін мойындамаған. Валентин Штырь өзіне жала жабылғанын айтады.

"Кінәмді мойындамаймын. Сотта оны дәлелдедім. Бірақ маған жала жабылып тұр. Осылай істеу біреулерге қажет болып тұр. Әділдік сұрап соңына дейін ізденемін. Оны жасаған мен емес", - дейді ол.

Дереккөз КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930772-tort-aieldi-asqan-qatygezdikpen-oltirgen-aqmola-oblysynda-28-zastagy-zigit-omir-boiyna-sottaldy/