Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев туралы фильм түсірген шетелдік продюсер түсірілім кезінде коронавирус жұқтырып алған

Опубликовано:

1
Фото: Sputnik Қазақстан

Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы деректі фильм түсірген америкалық кинорежиссер Оливер Стоун түсірілім кезінде коронавирус жұқтырып алған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Qazaq history of the golden man" – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы деректі фильмнің қорытынды түсірілімі "Оқжетпес" шипажайында өткен.

Қазақстан Республикасы президенті іс басқармасы медициналық орталығының баспасөз қызметінің мәліметінше, фильм продюсері түсірілім кезінде COVID-19 инфекциясымен ауырып, "Оқжетпес" шипажайының оңалту бөліміне түскен.

Емделіп жатқан кезінде Оливер Стоун шипажайдың қалыптасу тарихын, емдеу факторларын зерттеп, "Оқжетпес" туралы серияны толықтырған.

Айта кетейік, Елбасы жайлы деректі фильм 19 ай бойы еліміздің түкпір-түкпірінде түсірілген. Оливер Стоун шілденің басында фильм трейлерін жариялаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930799-nazarbaev-turaly-film-tusirgen-seteldik-prodyuser-tusirilim-kezinde-koronavirus-zuqtyryp-algan/

pixel