Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сыйақысын береміз": Жамбылдағы жарылыстан соң жоғалып кеткен өрт сөндірушінің жақындары мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Бауыржанның анасы
Кадр: "Алматы" арнасы

Жамбыл облысындағы әскери қоймадағы жарылыстан кейін хабар-ошарсыз кеткен өрт сөндіруші әлі табылмай жатыр. Бауыржан Дәуітбаевтың туыстары бүкіл қазақ елінен көмек сұрап, оны табуға көмектескен жандар үшін сыйақысы дайын екенін мәлім етті деп хабарлайды Алматы арнасы.

Бауыржан Дәуітбаевтың анасы баласының тірі екенін сезеді. Бірақ ұлы әлі табылмай жатқан соң түрлі ойға шомып, салы суға кеткен.

Өрт сөндірушіні үйінде аяғы ауыр келіншегі мен 4 баласы күтіп отыр. Туыстары болса, тапқан адамға тіпті сыйақы беруге дайынбыз деп барша қазақ елінен көмек сұрауда.

"Ағамызды табуға көмектесу үшін қазақ елінен жәрдем сұраймыз. Тауып келіп жатса, қолын құр қайтармай, қазақтың жолымен сыйақысын береміз. Базарбай ауылы, Нәби Мүлгиев көшесіне алып келсе, бәрі таниды, біледі", – дейді Бауыржан Дәуітбаевтың қарындасы Перизат Нышанова.

Жоғалған өрт сөндіруші 34 жаста. Әлі күнге табылмаған Бауыржанның бұдан бұрын белгісіз бағытта кетіп бара жатқанын көрдік деп, сол маңдағы малшылар айтқан.

Іздеу жұмысын жүргізіп жатқандар оның контузия алып, есін білмеуі мүмкін деген болжамды жоққа шығармайды.

"Қазіргі таңда 2 іздестіру итімен тау, сай-саланы іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Іздеу жұмысына 100-ге жуық әскери және ТЖМ қызметкері жұмылдырылған", – дейді облыс әкімінің орынбасары Талғат Мамаев.

Айта кетейік, Жамбыл облысындағы жарылыстан 100-ге жуық адам жараланып, 15 адам қайтыс болды. Бауыржан Дәуітбаев 349 әскери бөлімінде өрт сөндіру жасағына жетекшілік еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1930820-syiaqysyn-beremiz-taraz-manyndagy-zarylystan-son-zogalyp-ketken-ort-sondirusinin-zaqyndary-elden-komek-surauda/

pixel