RU

Елімізде кезекті қаржы пирамидасын құрғандар ұсталды

Қаржы пирамидасы
Көрнекі фото: polisia.kz

Ақмола облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті "LV Force" қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр деп хабарлайды Қазақпарат.

Агенттіктің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта Қазақстанның 8 өңірінде қаржы пирамидасының филиалдары жабылып, негізгі ұйымдастырушысы қолға түскен.

Жаңа салымшылардың жарналары есебінен заңсыз байытудың қылмыстық схемасына азаматтар үгіт-насихат, мессенджерлер және электронды пошта арқылы хабарламалар жіберу арқылы келген.

Осы орайда агенттік азаматтарды абай болуға және қысқа мерзімде үстеме пайда алудың күмәнді ұсыныстарынан бас тартуға шақырады.

"Құрметті азаматтар! Егер Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз "LV Force" қаржы пирамидасының қызметінен зардап шеккен болса, Ақмола облысы бойынша ЭТД телефонына хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс телефондары: +7 7162 25 62 84, +7 747 666 25 37.
Қалалардың басқа аймақтарының тұрғындары тұрғылықты жері бойынша ҚМА аумақтық Экономикалық тергеп-тексеру департаменттеріне хабарласа алады",-делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930830-elimizde-kezekti-qarzy-piramidasyn-qurgandar-ustaldy/