RU

Ауғанстанның жаңа үкіметі қашан жарияланатыны белгілі болды

Ауғанстан
Фото: Patrick ROBERT/Sygma via Getty Images

"Талибан" (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) қозғалысының ресми өкілі Забихулла Муджахид Панджшерді басып алғаннан кейін Ауғанстанның жаңа үкіметі жарияланатынын мәлім етті деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол Кабулда өткен арнайы мәслихатында Ауғанстанда уақытша үкімет құрылатынын, қазір олардың басшылары кім болатынын жариялауға дайындық жүріп жатқанын атап өтті.

Забихулла Муджахидтің сөзінше, жаңа үкіметтің қай күні құрылатыны және толық мәліметтер жақын арада хабарланбақ.

Сонымен қатар ол үкімет жан-жақты болатынын жеткізіп, өтпелі кезеңдегі ауған халқына үміт отын ұялатты.

"Талибан" (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) қозғалысының ресми өкілі бұрынғы әскери шенеуніктер жаңа үкіметтің қауіпсіздік органдарына шақыртылатынын алға тартқан.

"Одан бөлек көрші елдермен тығыз байланыс орнатамыз деген үміттеміз",- деді Забихулла Муджахид.

Айта кетейік, Панджшер – осы уақытқа дейін Талибан билігінде болмаған жалғыз Ауғанстан аумағы еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930831-auganstannyn-zana-ukimeti-qasan-zariyalanatyny-belgili-boldy/