Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе рейстерінің саны артады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстан Ресейге ұшатын әуе рейстерінің санн арттырмақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Ресей арасындағы рейстер санын көбейту туралы шешім 31 тамызда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі веломствоаралық комиссияның отырысында қабылданған.

2021 жылдың 22 қыркүйегінде Qazaq Air әуе компаниясы Ақтөбе - Казань бағыты бойынша ұшуды бастайды. Рейс аптасына 1 рет орындалады.

Рейстер санын одан әрі көбейту эпидемиологялық ахуалға, ВАК шешіміне және Ресей мемлекеттік органдарының шешіміне байланысты болмақ.

Сонымен бірге, министрлік рейстердің бәрі санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, әуе компаниялардың сайтында жарияланған кесте бойынша орындалатынын атап өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстерінің саны артатынын жазған едік.

17 қыркүйектен бастап Air Astana, 25 қыркүйектен бастап Turkish Airlines әуе компаниясы "Алматы-Стамбұл" бағыты бойынша ұшу жиілігін көбейтуді жоспарлап отыр. Яғни, аптасына екі рейстен үш рейске дейін ұлғайтылмақ.

Одан бөлек, 22 қыркүйектен бастап SCAT әуе компаниясы "Ақтөбе-Стамбұл" бағыты бойынша ұшу жиілігін аптасына екіге көбейтуді жоспарлауда.

Айта кетейік, "Qatar Airways" әуе компаниясы 2021 жылғы 15 қазаннан бастап Доха және Алматы қалалары арасында тұрақты рейстерді орындауды жоспарлап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930839-qazaqstan-men-resei-arasyndagy-aue-reisterinin-sany-artady/

pixel