RU

Кабулда ереуілге шыққан тұрғындарға тәліптер оқ жаудырды (видео)

Ауғанстан
Көрнекі фото: HOSHANG HASHIMI/AFP via Getty Images

Тәліптер Кабулда жергілікті тұрғындарға оқ жаудырды деп хабарлайды Life Shot Telegram каналы.

"Талибан" (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) ұйымының жауынгерлері Кабулда оқ атты. Мұнда жергілікті тұрғындар тәліптерге қарсы ереуілге шыққан.

Назар аударыңыз! Видеода қатігездік пен зорлық-зомбылық кадрлар бар. Бейнежазбаны кәмелетке толмағандарға, психикасы тұрақсыз адамдар мен аяғы ауыр әйелдерге көруге ұсынылмайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Талибан" радикалды қозғалысы жергілікті әкімшіліктер мен әскери қызметкерлерге бүкіл Ауғанстан аумағында әуеге оқ атуға тыйым салуға нұсқау бергені жазған едік.

"Ауғанстан Ислам әмірлігінің (тәліптердің өзін-өзі атауы) әскери істер жөніндегі комиссиясы қол қойған нұсқаулықта Кабулда және елдің басқа да қалаларында әуеге оқ жаудыру адамдардың өліміне және жарақаттануына, сондай-ақ бейбіт тұрғындар арасында үрей тудыратыны айтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930852-kabulda-ereuilge-syqqan-turgyndarga-talipter-oq-zaudyrdy-video/