Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында саябақта баланы тоқ соқты

Опубликовано:

Жеткіншек
Көрнекі сурет: Sputnik / Ксения Воронина

Атырау облысы Құрманғазы ауданында 11 жастағы баланы саябақта тоқ соқты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Туыстарының сөзінше, оқиға 2 қыркүйек күні кешкі сағат тоғызда болған. Саябақта серуендеп жүрген бала көше шамы бағаналарының бірін қолмен ұстаған, сол кезде оны тоқ соққан. Тоқ қуаты салдарынан бала жансақтау бөлімінен бірақ шықты, дейді олар.

Құрманғазы аудандық аурухана хирургі Нұрғиса Шолпанов баланың жағдайы ауыр екенін жеткізді.

Оның сөзінше, мектеп оқушысы үш күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан.

"Денесінде діріл, сонымен қатар тыныс алу жеткіліксіздігі мен жүрек соғысында ақау болды. Реаниматологтар оған дер кезінде қажетті көмек көрсетті. Қазір оның жағдай біртіндеп оңалып келеді. Тоқ соққан кезде ең алдымен жүрек-қан тамырлары жүйесі зардап шегеді. Қазір оған қайтадан ЭКГ жасаймыз. Нәтижелер облыс мамандарына жолданады", - деп түсіндірді медицина маманы.

Құрманғазы ауданының орталық саябағы тек биыл ғана әкімдік балансына берілген. Бүгінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зардап шеккен баланың ата-анасы жергілікті әкімдіктен бұл мәселенің орын алу себебін түсіндіруді талап етіп отыр. Олар әзірге полицияға жүгінбеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930855-atyrau-oblysynda-sayabaqta-balany-toq-soqty/

pixel