RU

Министр білім саласына қандай өзгерістер енгізілетінін айтты

оқу
Көрнекі фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев үкімет отырысында еліміздің білім саласында қандай өзгерістер болатынын айтты деп жазады BAQ.KZ.

Министр үшінші бағыт бойынша 12 іс-шара жүзеге асырылатынын жеткізді.

Оның сөзінше, типтік оқу жоспарларын алып тастау бойынша "Білім беру туралы" заңға өзгерістер енгізіледі.

Мұғалімдерді 3 жылда бір рет қайта даярлықтан өткізуді ұйымдастыру жоспарланып отыр, дейді Әсет Ерғалиев.

Сонымен қатар қашықтан білім беруге қажетті ақпараттық жүйенің сапасын жақсарту, "Цифрлы ұстаз" жобасы іске асырылмақ.

Одан бөлек, дарынды балаларға және олардың ұстаздарына жан-жақты қолдау көрсетіледі. Халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлеріне гранттар беру, сонымен бірге бір реттік ақшалай сыйақы да төлеу көзделіп отыр.

Министр білім мекемелеріндегі орын тапшылығы проблемаларын шешу үшін 2025 жылға дейін кемінде 1 000 мектеп салу жоспарланып отырғанын алға тартты.

"Жас талап" жобасы аясында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен толық қамтамасыз ету көзделіп отыр", - деді ол.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауында 2025 жылға дейін 1 000 мектеп салуды тапсырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930860-ministr-bilim-salasyna-qandai-ozgerister-engiziletinin-aitty/