Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дубинка, таяқпен қаруланған: Өскеменде болған жаппай төбелес видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Видеодан кадр
Видеодан кадр: yk-news.kz

6 қыркүйек күні кешке Өскемендегі аулалардың бірінде куәгерлер бір топ жігіттің жанжалын видеоға түсіріп алды. Оқиғаға қатысты Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды YK-news.kz.

Куәгерлердің сөзінше, жаппай төбелес қатысушылары дубинкалармен және таяқпен қаруланған.

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, 6 қыркүйек күні сағат 22:40-та полицияға Қанипа Бітібаева көшесінде бір топ адамның жанжалдасып тұрғаны туралы ақпарат түскен.

Оқиға орнына патрульдік топтар жіберіліп, тәртіпсіздік қатысушыларын тергеу жүргізу үшін бөлімшеге жеткізген.

Жігіттер ешқандай төбелес болмағанын, дене жарақатын алмағанын айтып, арыз жазудан бас тартқан.

Алайда бұған қарамастан аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930862-dubinka-tayaqpen-qarulangan-oskemende-bolgan-zappai-tobeles-videoga-tusip-qaldy/

pixel