Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда бульдог өзінің иесіне шабуыл жасаған

Опубликовано:

Ит
Көрнекі фото: pixabay.com

60 жастағы алматылық әйелді өзінің иті талап тастай жаздады. Бульдог өз қожайынына шабуыл жасап, атынша әйел реанимацияға жатқызылды. Оқиға өткен аптада мегаполистің Медеу ауданында болды деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Америкалық бульдог үй иесіне шабуыл жасап, оны талап тастай жаздады. Оқиғадан кейін ит арнайы изоляторға қамалды.

Қалада мұндай жағдай алғашқысы емес екені белгілі болды, мысалы, былтыр тағы бір алматылық әйелге қаңғыбас ит шабуыл жасаған. Әйел итке қарсылық көрсетіп, құтылған.

"Көшеде келе жатыр едім, жақын жерде ешкім жоқ сияқты болды. Сосын кенеттен үлкен ит аяғымды тістеп, бірден 5 тісін батырып үлгерді. Сосын қаша жөнелді", – дейді Алматы қаласының тұрғыны Шолпан Жұмабаева.

Ветеринарлар қаңғыбас иттер адамдарға жиі шабуыл жасайтынын айтады. Нәтижесінде мұндай иттер ұсталып, арнайы ұстау изоляторларына жеткізіледі, оларды не иелері келіп алып кетеді немесе өлтіріледі.

Сонымен қатар, сарапшылардың айтуынша, жануардың тағдырына алаңдаған кейбір "еріктілер" оны алып кетіп, қамқор болуға уәде беріп, далаға шығарып жібереді.

Бүгінде Алматыда қаңғыбас иттер мен мысықтардың нақты саны белгісіз. Сарапшылар мұндай иттер қауіпті болуы мүмкін екенін айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930869-almatyda-buldog-ozinin-iesine-sabuyl-zasagan/

pixel