RU

Тоқаев ауыл шаруашылығы техникасын құрастыратын CLAAS зауытына барды

Тоқаев CLAAS зауытына барды
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыратын CLAAS зауытына барды деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Президентке зауытта құрастырылған астық жинайтын тракторлар, комбайндар мен тұқым себетін техникалар көрсетіліп, кәсіпорынды одан әрі дамыту жоспарлары туралы баяндалды.

Мемлекет басшысы «CLAAS» компаниясының халықаралық беделін жоғары бағалап, германиялық концернмен ұзақмерзімді ынтымақтастық орнату қажет екенін атап өтті.

– «CLAAS» өнімдерінің Қазақстан нарығына келуі бұл үлкен жетістік. Бұны өте ірі инвестициялық оқиға деуге болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тоқаев CLAAS зауытына барды
Фото: Ақорда

Тоқаев CLAAS зауытына барды
Фото: Ақорда

Сонымен қатар Президент осы өңірде бірқатар жобаларды жүзеге асырып жатқан шетелдік инвесторлармен кездесті.

«CLAAS» компаниясының ТМД елдері бойынша аймақтық директоры Нилс Ройч Мемлекет басшысын Қазақстанда болашақта іске асырмақ инвестициялық жобаларымен таныстырды.

Тоқаев CLAAS зауытына барды
Фото: Ақорда

Түріктің «YDA HOLDING» компаниясының басқарма төрағасы Арслан Хусейн Петропавлда халықаралық JCI стандарттарына сәйкес 625 орындық заманауи көпсалалы аурухана құрылысының басталғанынан хабардар етті.

Тоқаев CLAAS зауытына барды
Фото: Ақорда

Аризона университетінің (АҚШ) жаһандық мәселелер жөніндегі вице-президенті Брент Уайт аталған оқу орнының Kozybayev University-мен ынтымақтастық орнату жөніндегі жоспарын айтты. Бұл келісім қазақстандық жоғары оқу орнын америкалық білім беру мекемесіндегі академиялық технологиялармен қамтамасыз етуге бағытталмақ.

Тоқаев CLAAS зауытына барды
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев инвестициялық жобалармен танысқаннан кейін инвесторларға ел экономикасын, атап айтқанда өңірлерді дамытуға қосқан үлестері үшін ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы инвесторлардың бизнес-жобаларының іске асырылуын бақылауда ұстау үшін жеке мониторинг жүргізетінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930871-qasym-zomart-toqaev-auyl-saruasylygy-texnikasyn-qurastyratyn-claas-zauytyna-bardy/