RU

Павлодарда көлік итеріп жүрген полицейлер көпшілікті тәнті етті (видео)

Полицейлер
Видеодан алынған кадр: instagram.com/tipavlo.dar

Желіде Павлодар көшелерінің бірімен келе жатып, жолдың бойына шығып кеткен көлікті байқап қалған полицейлердің қатысуымен болған видео талқыланып жатыр. Көлік иесі көлікті қол тежегішке қоюды ұмытып кеткенге ұқсайды, бірақ тәртіп сақшыларды абдырап қалмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға Павлодар қаласының Бұқар жырау көшесінде болған. Әлеуметтік желілерде жарияланған кадрларда полицейлер көліктің артқа жылжып, жолға шығып кеткенін байқаған, осылайша көлікті тұрақ орнына қайтаруға білек сыбана кіріскенін көруге болады.

Тәртіп сақшылары көлікті итеріп, орнына қойып дөңгелектеріне тірек болатын тас тауып қойды. Кездейсоқ өтіп бара жатқан адам да өз еркімен полицейлерге көмекке келді.

Видеоны көрген желі қолданушылары тәртіп сақшыларының әрекетіне сүйсінді.

"Міне, жақсы полицейлер. Бәрі осындай болуы керек", "Қандай тамаша адамдар. Ерлерге рақмет", "Жақсы нәрселердің де байқалғаны қандай жақсы", "Мұндай полицейлерге құрмет", "Дұрыс, тек жаман заттарды ғана емес, жақсы нәрселерді де түсіру қажет", – деп пікір білдірді қолданушылар.

Павлодар облысының полиция департаменті бұл видео шын мәнінде Павлодарда түсірілгенін хабарлады. Кадрларда сол уақытта шақыртуда болған тергеу-жедел тобының қызметкерлері көрсетілген. Полицейлер көлікті тұраққа қайтарғаннан кейін олар ешқандай хаттама жасамады, жүргізушіні іздемеді, бірақ қызметін жалғастырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930892-pavlodarda-kolik-iterip-zurgen-policeiler-kopsilikti-tanti-etti-video/