Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында көлік бір үйір жылқыны қағып кетті: он екісі өлді

Опубликовано:

Жылқы
Көрнекі фото: pixabay.com

Жамбыл облысында Mercedes-Benz жүргізушісі бір үйір жылқыны қағып кетті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыстық полиция департаментінің ақпаратынша, жол апаты 5 қыркүйек кешке "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" тас жолының 341 шақырымында болды. Жантүршігерлік кадрлар әлеуметтік желіде жарияланды.

Тараздың 59 жастағы тұрғыны қалаға қарай кетіп бара жатқанда бір үйір жылқыға соғылған.

"Мерке ауылының 35 жастағы тұрғыны жолды қысқарту үшін малды жерасты өткелі арқылы емес, тас жолдың үстімен айдап өткен. Жол апаты салдарынан 12 жылқы өлді", – деп нақтылады баспасөз қызметіндегілер.

Жарақат алған жүргізуші Мерке аудандық ауруханасының дәрігерлеріне қаралды.

Қазір бақташыға қатысты әкімшілік жаза тағайындалуда.

Назар аударыңыз! Видеода қатігездік пен зорлық-зомбылық кадрлар бар. Бейнежазбаны кәмелетке толмағандарға, психикасы тұрақсыз адамдар мен аяғы ауыр әйелдерге көруге ұсынылмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1930915-zambyl-oblysynda-kolik-bir-uiir-zylqyny-qagyp-ketti-on-ekisi-oldi/

pixel