Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында дәрігерлер аю тістеп алған қыздың жағдайы туралы айтты

Опубликовано:

Аурухана
Көрнекі фото: pixabay.com

Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі аю тістеп алған қыздың жасанды ес-түссіз жатқанын айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, кеңейтілген консилиум өткізілген.

”Консилиум қан тамырлары хирургтарының қатысуымен және денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас травматологы Болат Нағимановпен бейнебайланыс арқылы өткізілді. Әрі қарай емдеу тактикасы талқыланды. Қыз өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды, жасанды комада реанимацияда жатыр“, - деп хабарлады басқарма.

Еске сала кетейік, Қостанай ауданында демалыс орнында 5 жасар қызды аю тістеп алған болатын. Кейінірек қызға ота жасалғаны, жағдайы өте ауыр екені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930918-qostanai-oblysynda-darigerler-ayu-tistep-algan-qyzdyn-zagdaiy-turaly-aitty/

pixel