COVID-19: Қазақстан облыстарының бірінде карантин талаптары күшейтілді
Опубликовано:

Маңғыстау облысында карантин талаптары күшейтілді деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 тамыздағы "Маңғыстау облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы" №19 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Маңғыстау облысы бас санитарының қаулысына сәйкес, аймақта халыққа қызмет көрсету орталықтары 5 күндік жұмыс кестесіне ауысты. ПТР сынамасы теріс немесе бейтарап мәртебесі бар тұрғындар мемлекеттік қызметтерді кезексіз алады.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін адам қабылдайды. Ал сенбі, жексенбі күндері орталықтар жабық болады.
Еске сала кетейік, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 3 639 жағдайы тіркелді.
Дертті жұқтыру бойынша ең жоғары көрсеткіштер Алматы қаласында және Қарағанды облысында тіркеліп отыр. Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 824 118-ге жетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930952-covid-19-qazaqstan-oblystarynyn-birinde-karantin-talaptary-kuseitildi/