Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Құдайберген ұшақты "тірідей" көргісі келген ерлі-зайыптыға сый жасау үшін іздеу салды

Опубликовано:

жұп
Видеодан кадр: Facebook/Қайрат Құдайберген

Қайрат Құдайберген әлеуметтік желіде видеосы тараған ерлі-зайыпты жұпқа іздеу салды. Әсерлі видеоны әйелінің ұшақты "тірідей" көру арманын орындаған жігіт түсірген. Әуежайда тұрған ұшақтарды сырттай тамашалаған жұпқа кәсіпкер өз атынан ендігі кезекте ұшақпен серуендеуге билет алып бермекші деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Кәсіпкерге ерекше әсер еткен видеода ерлі-зайыптылар арманының орындалатынына кәміл сенеді. Видео авторы әйеліне әуежай тұрағындағы ұшақтарды алыстан көрсеткеніне риза. Күйеу жігіт әйелінің бет-жүзін ашық көрсетпеген.

"Әйелім ұшақты тірідей көрсетші деген. Қолдан келгені осы. Иншалла, армандар орындалады", - делінген видеода.

Қайрат Құдайберген есімдері әзірге белгісіз ерлі-зайыптыға іздеу салып, оларға жақсы сыйы барын жеткізді.

"Осы жұпты табуға көмектесіңіздерші! Оларға өз атымнан Астана қаласына серуендеу үшін ұшаққа билет және "Ritz-Carlton Astana" қонақ үйінен нөмір алып бергім келіп тұр. Ин ша Аллах армандар орындалады! Осы тамаша адамдарды білсеңіздер дайректке хабарласыңыздар! Алдын-ала рахмет", - дейді Қайрат Құдайберген желідегі парақшасында.

Видеоны желі қолданушылары жарыса бөлісуде.

"Қандай әсерлі көрініс! Көзіме жас келді. Аға, жарайсыз! Қазақ болғаныммен мақтанамын", "Алла разы болсын, керемет!" деп жазды желі қолданушылары кәсіпкерді қолдап.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930976-qairat-qudaibergen-usaqty-tiridei-korgisi-kelgen-erli-zaiyptyga-syi-zasau-usin-izdeu-saldy/

pixel