Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда күйеуімен ұрысып қалған әйел екі баласының көзінше көліктің астына түсті

Опубликовано:

Жол апаты
Фото: zakon.kz

Алматыда балалары мен күйеуінің көз алдында көлік қағып кеткен әйел ауыр халде ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды zakon.kz.

Жол апаты Рысқұлов көшесінің бойында батыс бағытта Қазыбаев пен Бөкейханов көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, екі баласы бар ерлі-зайыптылар аялдамада жанжалдасып, күйеуі әйелін ұрған. Сол сәтте жолға қарай қаша жөнелген әйел Toyota Camry көлігінің астына түскен.

Жол апаты
Фото: zakon.kz

Жүргізуші жылдамдықты қанша бәсеңдетуге тырысқанымен, жол апытының алдын алу мүмкін болмаған. Соққыдан әйел бірнеше метрге ұшып кетті.

Жол апаты
Фото: zakon.kz

Дәрігерлер оқиға орнына жетіп, зардап шегушінің жүрегіне массаж жасағаннан кейін әйел ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Жол апаты орнында криминалистер жұмыс істеп жатыр.

Жол апаты
Фото: zakon.kz

Жол апаты
Фото: zakon.kz

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда Жібек Жолы көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысында жол апаты болғаны туралы жазған едік.

Көлік жаяу жүргіншілер жолына шығып, бойжеткенді қағып кеткен. Зардап шеккен азаматша түрлі жарақатпен №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.

Одан бөлек, Алматы қаласында жол апаты болып, үш адам - Hyundai жүргізушісі, Chevrolet жолаушысы мен Toyota жолаушысы зардап шеккенін жазған болатынбыз. Жол-көлік оқиғасының басқа қатысушылары оқиға орнында тексерістен өткен. Олардың жарақат алған-алмағанына қатысты ақпарат берілмеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1930979-almatyda-aieldi-balalary-men-kuieuinin-koz-aldynda-kolik-qagyp-ketti-foto/

pixel