Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Қазақстанның қанша өңірі "қызыл" аймақта

Опубликовано:

Коронавирус
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

8 қыркүйектегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан,Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстары "қызыл" аймақта тұр.

"Сары" аймақта Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

Түркістан облысы "жасыл аймақта".

Естеріңізге сала кетейік, республика аумағында өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 3 639 жағдайы тіркелген.

Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 824 118 жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930987-koronavirus-qazaqstannyn-qansa-oniri-qyzyl-aimaqta/

pixel