RU

Белгілі эпидемиолог Сәкен Әміреев коронавирустан көз жұмды (фото)

ПРОФЕССОР
Фото: Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінінің баспасөз қызметі

Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің профессоры, эпидемиолог-вакцинолог Сәкен Әміреев дүниеден өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қаралы хабарды Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің баспасөз қызметі жеткізді.

"Бүгін Қазақстанның денсаулық сақтау саласы мен Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті үлкен, орны толмас қазаға ұшырады.
Таңертең еліміздегі эпидемиология және вакцинация мектебінің негізін қалаушы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Әміреев Сәкен Әміреұлы короновирустан көз жұмды.
Қазақстанның инфекциялық-эпидемиологиялық саласының дамуы профессор Әміреев есімімен тығыз байланысты.
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері Сәкен Әміреұлының туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады" делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930998-epidemiologiya-zane-vakcinaciya-mektebinin-negizin-qalausy-saken-amireev-omirden-otti-foto/