Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавируспен ауырған соң дәм мен иіс сезу қабілетін қалай қалыпқа келтіруге болады

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: pixabay.com

Коронавируспен ауырған адамның дәм сезу, иіс сезу жүйесіне зақым келсе оны қалай қалпына келтіруге болады? Бұл сауалға Нұр-Сұлтан қалалық №8 емхананың профилактикалық бөлімшесінің скрининг дәрігері Анар Асубекова жауап берді деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Коронавирус жұқтырған науқастың өкпесі қабынған кезде, шырышты қабаттың ісінуі пайда болады. Салдарынан иіс сезу жүйкесі зақымданып, біраз уақытқа дейін адамда иіс сезу, дәм сезу нашарлап тұрады. Тіпті мүлдем сезбей қалады. Бұл ісіну кеткеннен кейін ақырындап қана орнына келеді.

Порцесті жылдамдату үшін мұрынды тұзды сумен немесе арнайы ерітінділермен күнделікті шайып отыру керек. Ал ісіну аздап басылғаннан кейін хош иісті заттарды иіскеп, жүйке функциясын қайтадан қалпына келтіруге болады", - дейді дәрігер.

Сонымен бірге, маман коронавирус инфекциясын емделіп шыққаннан кейін адам қанша уақыт күтінуі қажет екенін, неден сақтанғаны жөн екенін айта кетті.

"Алдымен кемінде екі апта карантин режимін сақтауы керек. Нақтырақ айтқанда, өз-өзін күтіп, жылы киіну, адам көп жиналған орындарға бармау, бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген талаптарды толықтай сақтау қажет. Сол сияқты дұрыс тамақтану, уақытылы ұйықтау, шаршағанша жұмыс істемеу керек", - дейді Анар Асубекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931084-koronaviruspen-auyrgan-son-dam-men-iis-sezu-qabiletin-qalai-qalypqa-keltiruge-bolady/

pixel