Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вакцинаға қарсы көрсетілімі бар азаматтар демалыс күндері сауда орталықтарына кіре ала ма

Опубликовано:

сауда орталығы 165
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

ОКҚ өткен онлайн-брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері медициналық қарсы көрсетіліміне байланысты коронавирусқа қарсы вакцина салдырмаған азаматтар демалыс күндері сауда орталықтары мен басқа да нысандарға қалай кіретінін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

ДСМ санитарлық-эпидемиолгиялық комитеті басшысының орынбасары Зәуре Ахметованың сөзінше, вакцина салдыруға қарсы көрсетілімі бар адамдарға көпшілік орындарға баруға кеңес берілмейді.

"Бізде база құрылады (медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдар белгіленетін база - ред.). Бірақ біз бұл азаматтарға адамдар жаппай жиналатын орындарға баруға кеңес бермейміз. Себебі олар қауіп тобына жатады. Егер қажет болған жағдайда азамат анықтамасын алып, демалыс күні барғысы келген нысанға кіре алады", - дейді Зәуре Ахметова.

Еске сала кетсек, тамыз айының соңында еліміздің бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды.

Құжатқа сәйкес, демалыс күндері Ashyq жобасына қатысатын бизнес нысандарының қызметіне сағат 00.00-ге дейін, ал Ashyq көшбасшы иеленген нысандарға сағат түнгі 02:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді.

Алайда келушілер мен қызметкерлердің мәртебесі "жасыл" болуы тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931091-vakcinaga-qarsy-korsetilimi-bar-azamattar-demalys-kunderi-sauda-ortalyqtaryna-kire-ala-ma/

pixel